Ссылки доступа

Қырғызстан Сәуір төңкерісінің 11 жылдығын атап өтіп жатыр


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Сәуір халық төңкерісінің 11 жылдығына орай үндеу таратты.

Үндеуде "2010 жылғы 7 сәуірде Қырғызстан халқы биліктің қайнар көзі екенін әлемге дәлелдеді" делінген.

"2010 жылғы 7 сәуірде қырғызстандықтар саяси құқығын аяққа таптатпау үшін "Ақ үйге" беттеді. Алайда биліктің қарапайым халық мүддесін елегісі келмейтіні белгілі болды. Сәуір оқиғасы кезінде халқымыз көптеген азаматтарынан айрылды. Қанша уақыт өтсе де батырларымыздың жарқын бейнесі ешқашан ұмытылмайды", - деді Жапаров.

2010 жылы 7 сәуірде Қырғызстан тәуелсіздік алғалы бері екінші төңкеріс болды. Билік тағы ауысты. Біріншісі 2005 жылғы 24 наурызда болған.

Сәуір төңкерісі барысында оппозицияның "Ақ үй" алдындағы митингісіне шыққан 86 адам оққа ұшты, жүзден астам адам жараланды. Содан кейін Қырғызстанның екінші президенті Құрманбек Бакиев пен оның туыстары елден қашып кетті.

XS
SM
MD
LG