Ссылки доступа

Өзбекстанның Бас прокуратурасы: Effect.uz басылымының екі тілшісіне іздеу жарияланды


Effect.uz ақпарат агенттігінің екі тілшісі мен тағы бір әйел іздестіріп жатыр. 6 сәуірде Бас прокуратура ресми мәлімдеме таратты.

Хабарларға қарағанда, биыл қаңтар айында Effect.uz бір видео жариялаған. Онда сайт қызметкерлері Термез аудандық соты төрағасының кабинетіне кіріп барғаны көрсетілген. Журналистер сотқа қатыстыруын, оны видеоға түсіруге рұқсат беруін талап еткен.

Жоғарғы сот кеңесі бұл видеоны Бас прокуратураға жолдап, құқықтық баға беруін сұраған.

"Прокуратураның тексеруі барысында қылмыстық іс қозғалды", - делінген құзырлы мекеменің хабарламасында.

Бас прокуратураның хабарлауынша, тергеушілер Effect.uz басылымының екі тілшісі мен тағы бір әйелді бірнеше мәрте шақыртқан, бірақ олар келмеген.

Оларға "билік өкіліне қарсылық көрсетті" деген айып тағылған. Сот оларды қамауда ұстау туралы шешім шығарған.

XS
SM
MD
LG