Ссылки доступа

Түркіменстанда Гурбангулы Бердымухамедов атындағы қайырымдылық қоры құрылды


Гурбангулы Бердымухамедов
Гурбангулы Бердымухамедов

Түркіменстанда қамқорлыққа мұқтаж балаларға көмек көрсетуге бағытталған Гурбангулы Бердымухамедов атындағы қайырымдылық қоры құрылды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы 29 наурызда қол қойған.

Өлкенің мемлекеттік басылымдары "өсіп келе жатқан ұрпақты әлеуметтік жақтан қолдау, денсаулығын қалпына келтіруге көмектесу және олардың бақытты өмір сүруі үшін жағдай жасау" мақсатында құрылған қорға президент Гурбангулы Бердымухамедов бір айлық жалақысын аударғанын жазды.

Ел билігі мемлекет басшысының балаларға қамқорлық көрсетіп келе жатқанын насихаттап келеді. Бас қала Ашғабадта Гурбангулы Бердымухамедовтің қолдауындағы балалар үйі бар. Жыл сайын аталған мекеменің тәрбиеленушілеріне салтанатты түрде президент атынан сыйлықтар тапсырылады.

Сөз еркіндігі шектелген бұл өлкеде азаматтар, оның ішінде балалар мен әйелдер ауыл шаруашылығы істеріне, көше сыпыруға және жаппай іс-шараларға қатысуға мәжбүрленіп келеді.

XS
SM
MD
LG