Ссылки доступа

Өзбекстанда инфекциялық аурухананың бұрынғы бас дәрігеріне сот үкімі шықты


Өзбекстанда Ташкент облыстық инфекциялық аурухананың бұрынғы бас дәрігері Гүлжахон Юлдашеваға қатысты сот үкімі шығып, оның бостандығы төрт жылға шектелді.

Бұдан бөлек Юлдашеваның қоластында істеген екі дәрігерге үш жылдан еркіндігі шектеліп, қалған екі қызметкерді екі жылға түзету жұмыстарына тарту туралы үкім шықты.

Гүлжахон Юлдашеваға Өзбекстанның Қылмыстық кодексінің "Сеніп тапсырылған мүлікті ұрлау", "Адам өліміне алып келген салғырттық" және "Қызметін асыра пайдалану" деген баптар бойынша айып тағылып, іс қозғалған. Сот отырысы төрт айға созылды.

Юлдашева 2020 жылдың 9 қыркүйегінде қамалған. Онда 250 миллион сум (24 мың доллар) көлемінде бюджет қаржысын ұрлады деген күдікке ілінген. Сонымен бірге ол коронавируспен ауырған науқастың айыққаны туралы жалған мәлімет беріп, бірақ науқастың қаза болғаны белгілі болған.

2020 жылдың тамыз айында Гүлжахон Юлдашева індетке қарсы күресіп жатқан медициналық қызметкерлерге тиісті сыйақы бөлінбегені туралы ақпарат құралдарына сұқбат беріп, одан кейін көп өтпей ұсталды.

XS
SM
MD
LG