Ссылки доступа

Ресейден шығарылып, елге оралған тәжік діндарының үстінен іс қозғалмады


Саиднуриддин Розиков в Таджикистане (слева) и в Свердловской области РФ (справа). Фото слева сделано 3 апреля 2021 года
Саиднуриддин Розиков в Таджикистане (слева) и в Свердловской области РФ (справа). Фото слева сделано 3 апреля 2021 года

Ресей азаматтығынан айрылып, елге оралған 60 жастағы тәжік дін қызметкері бостандықта жүр.

Эшони Саиднүриддин есімімен танымал Саиднүриддин Розиков бұның алдында Ресейде белгісіз біреулер оны ұстап, тәжік билігіне тапсырғанын хаба​рлаған. "Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті тексеріп, менің жазықсыз екенімді дәлелдеді. Қазір мен Душанбедегі бауырымның үйінде тыныш өмір сүріп жүрмін", - дейді дін қызметкері.

Тәжікстанның арнайы қызметі бұл ақпаратты растамады, жоққа да шығармады. Биліктің Эшони Саиднуриддинге қандай айып таққаны, тексеру нені көрсеткені хабарланбады. Бұның алдында оның туыстары дін қызметкерін "Салафия" ағымына қатысы бар деп айыптағанын айтқан. Олар тергеушілер қылмыстық істі тоқтату үшін бір миллион рубль сұрады деп мәлімдеген.

Саиднуриддин Розиков енді Ресейге қайтқысы келеді, бірақ оның тиісті құжаттары жоқ. Оның отбасы Ресейдің Свердловск облысында тұрады.

XS
SM
MD
LG