Ссылки доступа

Түркіменстанда коронавирусқа қарсы қытай вакцинасын тегін салдырып, ресейлік "Спутник" вакцинасын сатып алуға болады


Вывеска Центрального склада вакцин и имунобиологических средств. Из репортажа государственного телеканала "Алтын Асыр", 29 января, 2021
Вывеска Центрального склада вакцин и имунобиологических средств. Из репортажа государственного телеканала "Алтын Асыр", 29 января, 2021

Коронавирус "тіркелген жоқ" делінетін Түркіменстанда халыққа екпе салу науқаны жүріп жатыр. Қазір астанадағы дәрігерлер екпе қабылдап жатыр. Қытай вакцинасы тегін салынады, ресейлік вакцинаны сатып алуға болады.

Азатлыктың Ашғабадтағы тілшісінің хабарлауынша, осы аптада астанадағы мұғалімдерге екпе салу басталды. Оларға қытай вакцинасын салып жатыр.

1 сәуірде Түркіменабад ауруханаларындағы медицина қызметкерлеріне қытай вакцинасының екінші дозасын сала бастады. Вакцина салудың бірінші кезеңі елдің шығысында наурызда басталған.

Түркіменстанда қазір ресейлік вакцинаны ғана ресми түрде тіркеген. 18 қаңтарда билік Орталық Азияда алғаш болып "Спутник V" вакцинасын тіркеді. 29 қаңтарда ресми Ашғабад "ЭпиВакКорона" вакцинасын тіркеді.

Түркіменстанда шенеуніктердің вакцина салдырғаны туралы хабарланбады.

Енді ресейлік "Спутник V" вакцинасын тұрғындар өз ақшасына салдыра алады. Ол 1000 манат тұрады, деп хабарлады Азатлык тілшісі. Түркіменстан Орталық банкінің бағамымен есептесек, вакцинаның екі дозасын салдыруға 285 доллар кетеді.

XS
SM
MD
LG