Ссылки доступа

Тәжікстан президенті Ворух тұрғындарымен кездеседі


Эмомали Рахмон в Ворухе
Эмомали Рахмон в Ворухе

Жұмыс бабымен Соғды облысында жүрген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 9 сәуірде Ворух жамоатына келді.

Озоди радиосы тілшісінің хабарлауынша, Эмомали Рахмон Исфараға сапарын Шуроб ауылынан бастаған. Мұнда ол спорт алаңқайын ашу салтанатына қатысып, халық қолөнершілерінің жәрмеңкесін аралады.

Ворух жамоатында да Эмомали Рахмон спорт алаңы мен мәдениет сарайының ашылу салтанатына қатысты.

Түстен кейін мемлекет басшысы Ворух тұрғындарымен кездеседі деп жоспарланған.

Еске салайық, жақында Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев Бішкек Тәжікстанға екі түрлі ұсыныспен шыққанын мәлімдеген. Соның бірінде қырғыз тарапы Ворух ауылын Қырғызстанға беруін, оның орнына 12 мың гектар жер алуын сұраған. Тәжікстанның ресми билігі бұл мәселеге қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Тәжікстаның Исфара ауданындағы Ворух жамоаты Қырғызстанның Баткен облысымен шектесіп жатыр. Шекарадағы тұрғындар үнемі жерге таласып қалып жүр.

XS
SM
MD
LG