Ссылки доступа

Тәжік жұмысшыларының құқықтарын бұзған қытай компаниясына айыппұл салынды


Золотодобывающее совместное предприятие "Покруд" в Вахдате

China Nonferrous Gold Limited (CNG) қытай компаниясына тиесілі "Покруд" ("Пакрут") бірлескен кәсіпорынына жұмысшылардың құқықтарын шектегені үшін 1500 сомони ($133) айыппұл салынды.

Тәжікстанның еңбекті бақылау жөніндегі мемлекеттік қызметі қытай компаниясын тексеру кезінде анықталған олқылықтарды бір айдың ішінде жоюды міндеттеді.

Биыл ақпан айында Озоди радиосы "Покруд" бірлескен кәсіпорынында істейтін тәжік жұмысшылары қатаң карантин енгізгеніне шағымданғаны туралы жазған. Жұмысшыларға үш айда бір мәрте ғана үйге баруға рұқсат берген.

Мемлекеттік қызмет тексеру кезінде кәсіпорынның жұмысшылардың құқықтарын шектегені расталғанын мәлімдеді. Мекеме мәліметі бойынша, бірлескен кәсіпорын үш айлық карантин енгізіп, жұмысшыларға кәсіпорын аумағынан шығуға тыйым салған. Бұған қоса, кәсіпорынның түнгі ауысымға ақша төлемегені анықталды.

"Покруд" кені Душанбеден солтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде, Вахдат ауданында орналасқан. Мұнда 100 мыңнан астам алтын қоры бар деп болжанған.

XS
SM
MD
LG