Ссылки доступа

ЕҚЫҰ төрайымы Өзбекстанға барады


13-14 сәуірде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрайымы, Швеция сыртқы істер министрі Анн Кристин Линде Өзбекстанға сапарлайды.

Бұл туралы жұма күні Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов брифингте хабарлады. Анн Кристин Линде Ташкентте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен кездеседі деп жоспарланған.

"ЕҚЫҰ миссиясының Өзбекстанда жұмыс істеп жүргеніне 25 жыл болды. Бұның өзі еліміздің осы ұйыммен ашық әріптестік орнатқанының көрсеткіші", - деді Шерзод Асадов.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Анн Кристин Линденің Ташкентке сапары Өзбекстан мен Швеция әріптестігін жаңа деңгейге көтеретініне сенімді. Былтыр қарашада және биыл ақпанда екі ел арасында саяси кеңес алмасулар өткен.

XS
SM
MD
LG