Ссылки доступа

Түркіменстан президентінің ұлы Сердар Бердымұхамедов жаңа қызметтерге тағайындалды


Сердар Бердымухамедов на фоне портрета своего отца президента Гурбангулы Бердымухамедова
Сердар Бердымухамедов на фоне портрета своего отца президента Гурбангулы Бердымухамедова

9 сәуірде Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов ұлы Сердарды жаңа қызметтерге тағайындады.

Үш қызметті атқаратын Сердар Бердымұхамедов енді түркімен-орыс және түркімен-жапон үкіметаралық құрылымдарының түркімен тарапын басқарады.

Үкімет жиналысында президент Гурбангұлы Бердымұхамедов түркімен-орыс және түркімен-жапон үкіметаралық құрылымдардың тең төрағасы қызметін атқарған сыртқы істер министрінің орынбасары Рашид Мередовтің орнына вице-премьер Сердар Бердымұхамедовті қойды.

Биыл ақпанда 39 жастағы Сердар Бердымұхамедов үшін қосымша вице-премьер қызметі енгізілді. Бұған қоса, президенттің ұлы Түркіменстан қауіпсіздік кеңесіне кіреді, Түркіменстан жоғарғы бақылау палатасының төрағасы қызметін атқарады.

Сердар - "Түркімен алабайы" халықаралық қауымдастығының басшысы. Бұл ұйым Алабай күнін және иттер арасында сұлулық байқауларын ұйымдастырумен айналысады.

Бақылаушылар 63 жастағы авторитар президент ұлын билікке дайындап жүр деп топшылайды.

Сердар Бердымұхамедовтің саяси мансабы 2016 жылы басталды. Сол жылы ол Түркіменстан парламентіне сайланған. Содан бері оның қызметі өсіп жатыр.

Ресми баспасөзде Түркіменстан президентінің ұлын "халықтың ұлы" деп атап, оның әкесімен бірге жүруін "ұрпақтар сабақтастығының белгісі" деп көрсетеді.

XS
SM
MD
LG