Ссылки доступа

"Жоғарыдан бұйрық түсті". Ташкент көшелеріндегі жарнама баннерлері бір түнде жоғалып кетті (видео)


Рабочие убирают рекламные баннеры с улиц Ташкента.

Өзбекстан жарнама агенттіктері қауымдастығы өкілінің хабарлауынша, Ташкент қаласы әкімдігінің қызметкеріміз деп таныстырғандар ешқандай құжат, сот шешімін көрсетпестен, қала көшелеріндегі жарнама баннерлерін алып тастаған.

"Хумо Медиа" жарнама агенттігінің басшысы Савелий Соколов агенттікке тиесілі 300-ден астам жарнама баннерін алып тастағандардың әрекетін "заңға қайшы" деп атады.

– Кеше түнде өрт сөндіру, төтенше жағдайлар қызметі және Ташкент қаласының әкімшілігі көшелердегі баннерлерді алып тастады. "Жоғарыдан бұйрық түсті" дейді. Бірақ себебін ешкім түсіндірмейді. Қаланың басқа аудандарында да осылай болып жатыр. Кәсіпкерлердің құқығы бұзылды, – дейді Соколов.

Ташкенттің Мирзо-Ұлықбек, Мирабад, Юнусабад аудандарының әкімшіліктері "жарнама баннерлерін алып тастағанын" естімегенін айтты.

Өзбекстан жарнама агенттіктері қауымдастығының мәліметі бойынша, Ташкент көшелерінде үш мыңнан астам жарнама баннері болған. Билік жарық диоды экранынан жасалған жарнама баннерлеріне тиіспеген.

В Ташкенте за одну ночь сняли сотни рекламных баннеров
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:08 0:00

"Хумо Медиа" агенттігінің басшысы Савелий Соколовтың айтуынша, кәсіпкерлер күніне миллиондаған сум шығынға ұшырады.

– Екі экраны бар баннер бағанасы шамамен 30 миллион сум (шамамен 2900 доллар) тұрады. Жарнама беруші әрбір баннер үшін айына 3 миллион сум (290 доллар) төлейді. Келісімдер бір жылға жасалған. Олар келісімді бұза бастайды, біз ақшаны қайтаруымыз керек. Қанша адам жұмыссыз қалатын болды, – деді Соколов.

С улиц Ташкента убирают рекламные баннеры
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:31 0:00

XS
SM
MD
LG