Ссылки доступа

Зерттеу: Рахмонның қызы әуе билеттерінің саудасын бақылауда ұстап отыр (видео)


Дочь Рахмона контролирует продажи билетов на рейсы из Таджикистана в Россию
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:04:01 0:00

Дочь Рахмона контролирует продажи билетов на рейсы из Таджикистана в Россию

"Настоящее Время" телеарнасы Тәжікстан мен Ресей арасында қатынайтын ұшақтарға әуе билеттерін сатуға қатысты жанжал туралы бұған дейін де жазған.

Әуе билеттеріне сұраныс жоғары: мыңдаған еңбек мигранты мен тәжік студенттері Ресейге барғысы келеді. Бірақ олар билет сатып ала алмай отыр. Авиация жөніндегі агенттік әуе билеттері 500 доллардан қымбат болмайды деп уәде берген, біраұ әуе компанияларының кассаларында билеттер 1200 доллардан сатып жүр.

Авиабилеты из Таджикистана в Россию стоят $1000, втрое дороже, чем обещали власти
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:20 0:00

Тәжікстаннан Ресейге ұшатын тұрақты рейстердің әуе билеттерін бір ғана агенттік - "Әуе қатынасы агенттігі" фирмасы сатады. Әуе компанияларының өзі билеттерді тікелей сата алмайды. Мысалы, "Сомон Эйрдің" өзінің билет сатуға құқығы жоқ. Оның үстіне фирманың Душанбеде жалғыз ғана кассасы бар. Қазір бұл фирманың алдында мыңдаған адам жиналып тұр. Олардың дені аймақтардан келген. Олар ғимарат алдында түнеуге мәжбүр.

"Билеттердің нақты бағасы 4050 сомони ($350) екенін білдік. Бірақ ол бағамен ешкім сатпайды", – дейді кезекте тұрғандардың бірі. Кассада Ресейге билет 14 мың сомониден ($1200) сатылып жатыр дейді билет кезегінде тұрғандар.

Тәжікстан билігі Ресейге ұшатын тұрақты рейстердің билеттердің бір ғана агенттік сататынын "бағаны бақылау" қажеттілігінен туған деп түсіндірді.

Алайда, Азаттық радиосы тәжік қызметінің зерттеуіне сүйенсек, мұның себебі басқа. "Әуе қатынастары агенттігі" тәжік президенті Эмомали Рахмонның үшінші қызы Тахмина Рахмоноваға тиесілі.

Салық комитетінің ресми құжаттарында Тахмина бұл фирманың қожайыны, ал оның күйеуі Зарифбек Давлатов төрағасы екені көрсетілген.

Атышулы "Панама мұрағаттарындағы" құжаттарда Зарифбек Давлатовтың есімі аталған. 2015 жылы Интернетте жариланған құжаттарға қарағанда, Тәжікстан президентінің күйеу баласы "Пекридж Глобал Лимитед" оффшор компаниясына иелік еткен.

Он жыл бұрын сарапшылар Тахмина Рахмонованы Тәжікстандағы ықпалды жиырма адамның қатарына қосқан.

Недвижимость семьи Нурсултана Назарбаева. Расследование
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:02 0:00

XS
SM
MD
LG