Ссылки доступа

Қырғызстанның оңтүстігінде сайлау нәтижесіне наразы адамдар алаңға жиналды


12 сәуірде Ош қаласының орталық алаңына шамамен 30 адам жиналды. Олар қалалық кенеш сайлауының нәтижесін жоюды талап етті.

Алаңға жиналғандар арасында "Бутун Кыргызстан", "Улуу журт" және "Бир Бол" партияларының өкілдері бар. Олар сайлауда заң бұзушылықтар болды деп мәлімдеді.

"Бутун Кыргызстан" партиясының өкілі Улан Канат уулуның хабарлауынша, белсенділер тиісті органдарға шағымдануды көздеп отыр.

"Біз ресми органдарға үндеу дайындаймыз. Кеше сайлау әділ өткенде, бүгін мұнда тұрмас едік. Қазір мұнда "Бутун Кыргызстан", "Улуу журт" және "Бир Бол" партияларының өкілдері тұр, "Улуттар биримдиги" өкілдері де қосылады", - деді Улан Канат уулу.

Сайлау нәтижелері жарияланған соң Оштағы алты партия - "Улуттар Биримдиги", "Республика", "Бутун Кыргызстан", "Ишеним", "Улуу Журт" және "Бир Бол" - бірлескен мәлімдеме жариялап, сайлауды сынады, оның нәтижелерін жоюды талап етті.

Сайлаудың алдын ала мәліметтері бойынша, Ош қаласының кенешіне дауыс беруде "Ата-Журт Кыргызстан" партиясы алда келеді, "Улуттар Биримдиги", "Ыйман Нуру" және "Ынтымак" партияларының өкілдері де кенешке өтеді.

XS
SM
MD
LG