Ссылки доступа

Өзбекстан шетелде қалған азаматтарға қарызға ақша береді


Өзбекстан үкіметі шетелде ақшасыз қалған азаматтарға материалдық көмек береді. Осындай ереже 12 сәуірде қабылданды.

Құжатқа сәйкес, шетелде ақшасыз қалған азаматтар сол елдегі дипломатиялық өкілдіктен қаржылай көмек сұрауы керек.

Дипмиссия екі күнде материалдық көмек сұратқан азаматтың арызы мен құжаттарын тексеріп, қорытындыны сыртқы істер министрлігіне бекітуге жолдайды. Министрлік құжаттарды бір күн қарап, түпкілікті қорытындыны азаматқа хат арқылы хабарлайды. Дипломатилық өкілдік азаматпен несие шартын жасайды. Оның тамағын, тұратын жерін, киімін және көлігін төлеп береді.

Материалдық көмек алған азамат ақшаны респбулика бюджетіне 30 күнде қайтаруы тиіс.

XS
SM
MD
LG