Ссылки доступа

Тәжік президенті егістіктегі шаруаларға оразадан бас тартуға кеңес берді (видео)


Орталық Азиядағы бес мемлекетте мұсылмандардың қасиетті Ораза айы 13 сәуірде басталды.

Рахмон призвал фермеров воздержаться от поста
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:50 0:00

Тәжікстан президенті барлық тәжікстандықтарды Ораза айының басталуымен құттықтады. Мемлекет басшысы үндеуінде егістікте жұмыс істеп жүрген шаруаларды ерекше атап өтті. Рахмон шаруаларға бар күш-жігері мен ойын егістік жұмыстарына арнауға, оразадан бас тартуға кеңес берді.

Наурыз айындағы үсіктен егістікте пияз үсіп қалған. Жерді жалға алушы Амина мен оның ауылдастары қайтадан егіс салып жүр. Бұл жолы олар фасоль мен жүгері егеді. Аминаның айтуынша, жоспардан тыс жұмыс көп, сол себепті Ораза айында да аянбай еңбек етуге тура келеді. Соған қарамастан ол ауыз бекіткен.

"Біз жұмысқа таңғы сегізде шығып, түскі 12:30-ға дейін егістікте болдық. Одан соң тамақ іштік, намаз оқыдық. Сосын кешке дейін жұмыс істедік. Ораза кезінде жұмысқа таңғы алтыда шығамыз", – дейді Гиссар ауданының шаруасы Амина Юнусова.

Биыл ораза егін салу науқанымен бірге өтеді. Бұл күндері елде ондаған мың адам егістікте еңбек етіп жүр. Көктемнің осы айында қалай жұмыс істесе, соның нәтижесін жыл бойы көреді.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон былтыр да егістіктегі шаруаларға оразадан бас тартуға кеңес берген.

XS
SM
MD
LG