Ссылки доступа

Қырғызстанда жергілікті сайлау нәтижесіне көңілі толмаған партия өкілдері аштық жарияламақ


Жергілікті мәслихат кеңесіне өткен сайлау нәтижесіне көңілі толмаған партия өкілдері 14 сәуірден бастап аштық жарияламақшы. Бұл жөнінде 13 сәуірде Орталық сайлау комиссиясы ғимараты алдында өткен митингіде Коммунистік партия жетекшісі Рысбек Тойбеков мәлімдеді.

"14 сәуірден бастап біздің партия өкілдері осы жерге шатыр құрамыз, аштық жариялаймыз. Акция 3 күнге созылады. Бізді тыңдағысы келмейді екен, осындай қадамға баруға мәжбүрміз", - деді Тойбеков.

Ол өзге партия өкілдерін өзіне қосылуға шақырды.

Бішкек қалалық мәслихатындағы 45 мандатқа 25 партия өкілдері таласты. Алдын ала мәлімет бойынша, 7 проценттік межені 6 партия өкілдері алған.

11 сәуірде Қырғызстанда 448 мәслихат кеңесіне депутаттар сайлады. Олардың 420 –сы ауылдық, 28-і қалалық, оның ішінде Бішкек және Ош қаласы да бар.

XS
SM
MD
LG