Ссылки доступа

Дереккөз: Мирзияев ресми сапармен Тәжікстанға барады


"Азия-плюс" ақпарат агенттігі өзбек үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап, Шавкат Мирзияев 10-12 маусым аралығында Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстанға барады деп хабарлады.

Егер ақпарат расталса, бұл Өзбекстан президентінің соңғы бес жылдағы Тәжікстанға төртінші сапары болмақ.

Екі ел президенттері көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы, ғылым мен мәдениет саласында жаңа келісімдерге келеді деп күтіледі.

XS
SM
MD
LG