Ссылки доступа

Халықаралық валюта қоры Түркіменстанның ресми статистикасын қолданудан бас тартты


Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) "Әлемдік экономиканың өсуінің мүмкіндіктер" деген 2020 жылға қорытынды жасауға арналған баяндамасында Түркіменстанның ресми мәліметтерін пайдаланудан бас тартқан. Осылай деп Азаттықтың түркімен қызметі хабарлайды.

ХВҚ мәліметінше, Түркіменстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 0,8 процентті құраған. Ал түркімен үкіметінің ресми мәліметі бойынша, бұл көрсеткіш 5,9 процентті құрайды.

Глазго университетінің профессоры, Орталық Азия бойынша маман Лука Анчески ХВҚ өкілдерінің Түркіменстанға қатысты өздері жариялаған мәлімет қуантады дейді. Оның пікірінше, Халықаралық валюта қоры, Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк секілді ұйымдар осыған дейін тек Түркіменстанның ресми мәліметіне сүйеніп келген.

Тәуелсіз ақпарат құралдары Түркіменстанда соңғы жылдары ел экономикасында дағдарыс болып жатқанын хабарлап келеді. Соған қарамастан ел билігі өлкеде тұрақтылық бар дегенді айтудан жалыққан емес.

XS
SM
MD
LG