Ссылки доступа

Тәжікстанда Рамазан айында электр энергиясын шектеу жеңілдетіледі


Тәжікстанның "Барки Точик" энергохолдингі Рамазан айының басталуына байланысты жергілікті елді мекендерге электр энергиясын шектеу жеңілдетіледі деп мәлімдеді.

Энергохолдингтің баспасөз хатшысы Нозирджон Ёдгори электр энергиясы кешке ауыз ашар кезінде және таңертең ауыз бекіту кезінде беріледі деді. Биыл Ораза ұстау шамамен таңғы 4-тен кешкі 19.00-ға дейін созылады.

Ёдгори сонымен бірге алдағы уақытта барлық шектеулерді толығымен алып тастау мәселесін қарастырып жатқанын да айтты.

Душанбенің шалғайындағы елді мекендерге қыста электр энергиясын тұрақты жеткізу күрделі мәселе күйінде қалып отыр.

XS
SM
MD
LG