Ссылки доступа

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитеті Өзбекстан арнайы қызметінің бұрынғы офицерінің азапталғаны туралы арызды қабылдап алды


Адылбек Юлдашев с сыновьями Валижоном и Алибеком. Фото сделано в 2007 году.

Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік қызметінің 52 жастағы бұрынғы офицері Адылбек Юлдашевтің адвокаты БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне арызданды. Юлдашев Түркіменстан үшін тыңшылық жасады деген айыппен 15 жылға сотталған.

Адвокат Сергей Майоровтың айтуынша, 2011 жылдан бері қамауда отырған Адылбек Юлдашевті Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында азаптаған. БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары 16 беттік арызды қабылдап алғанын наурыздың 26-да хабарлаған.

Арызда адвокат Адылбек Юлдашевті қамаудан тез арада босатуын талап еткен.

Сергей Майоров арызда Юлдашевті абақтыда көп рет азаптағанына дәлел келтірген. ҰҚҚ қызметкерлерінің тергеуі барысында Юлдашевтің қолын сындырғанын растайтын рентген суреттері бар.

Еске салайық, 2017 жылғы қарашада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев тергеу барысында азаптауға тыйым салды. Құжатқа сәйкес, азаптау туралы кез келген мәліметті прокуратура мен медициналық сараптама тексереді. Президент жарлығы 2018 жылғы наурызда күшіне енді.

2011 жылы Адылбек Юлдашев Түркіменстанға мемлекеттік құпиялар берген деген айыппен 15 жылға сотталды.

XS
SM
MD
LG