Адам құқықтарын қорғаушының бір туысының Озоди радиосына хабарлауынша, Иззат Амон танымайтын бірнеше адам оның үстінен арызданған. Арызданушылардың арасында Иззат Амон мүддесін қорғаған азаматтар да бар.
Адам құқықтарын қорғаушының туыстары оған тағылған айыптарды негізсіз деп есептейді. "Адвокат көрсетілген қызмет үшін ақша алады, бірақ істің қалай шешілетініне ол кепілдік бере алмайды. Адвокатқа ақша төлесеңіз, сіздің ісіңіз бірден шешіле салмауы мүмкін" - деп түсіндірді Иззат Амонның туыстарының бірі.
Соңғы рет күдіктінің туыстары Иззат Амонды 12 сәуірде көрген.
Билің оның ұсталғаны туралы ресми мәлімет бермей отыр. Иззат Амонның үстінен алаяқтық қылмысы үшін іс қозғалғаны ғана белгілі. Адам құқықтарын қорғаушы 12 жылға сотталуы мүмкін.
Күдіктінің туыстарының айтуынша, Иззат Амон қазір тергеу изоляторында отыр. Оны қамауда ұстау туралы шешімді Исмоили Сомони аудандық соты қабылдаған.
Иззат Амон биыл 25 наурызда Мәскеуде жоғалып кетті, екі күннен соң Тәжікстанның ішкі істер министрлігі оның Душанбеде ұсталғанын хабарлады. Оның ұсталғаны туралы хабар Ресейдегі мигранттардың ызасын туғызды. Ондаған еңбек мигранты Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі алдында наразылық акциясын өткізді.