Ссылки доступа

Қырғызстанның арнайы қызметі: мемлекеттік сатты деген күдікпен ұсталғандардың бірі – саясаттанушы Марат Казакпаев


Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті 14 сәуірде мемлекетті сатты деген күдікпен ұсталғандардың бірінің есімін жариялады. Ол – Марат Казакпаев.

Екінші күдіктінің кім екенін әзірге хабарланбады, бірақ оның аты-жөнінің бас әріптері белгілі – М.Т.

13 сәуірде ҰҚМК "мемлекетті сатты" деген күдікпен М.К. және М.Т. ұсталғанын хабарлаған. Сол кезде кейбір ақпарат құралдарында ұсталғандардың бірі саясаттанушы Марат Казакпаев екені айтылған.

ҰҚМК мәліметі бойынша, "бұлтартпас дәлелдер бар", бірақ "қылмыстық іс материалдары құпия сақталатындықтан, толық мәлімет тергеу нәтижесі шыққан соң жарияланады".

Арнайы қызметтің хабарлауынша, заңда мемлекетті сату қылмысы бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатыны айтылған.

2014 жылы үкімет аппаратының халықаралық әріптестік бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Муралиев мемлекеттік сатты деген күдікпен ұсталған. Тергеу екі жылға созылды. 2016 жылы 1-май аудандық соты Муралиевті 12 жылға соттады. Кейін Бішкек қалалық соты жазаны 22 жылға дейін созды. Ал 2019 жылы Жоғарғы сот жазаны 10 жылға дейін қысқартты.

XS
SM
MD
LG