"Кері жағдайда Мұнай өнімдерін жеткізушілердің қауымдастығының мүшелері бәсекеге қабылетті бола алмайды. Нарықтан амалсыздан кетуіне тура келеді" делінген 14 сәуірде жарияланған ашық хатта.
31 наурызда Тәжікстан парламенті Мемлекеттік материалдық сақтық қоры агенттігін мұнай өнімдері, оның ішінде газ бен бензин үшін кеден салығынан босату жөнінде заң жобасын қабылдаған.
Қазір Тәжікстанда бензин қымбаттап жатыр. Қазақстан уақытша бензин экспортын тоқтатқан. Ал Ресей бағасын көтерді.
Тәжікстан былтыр 584 мың тонна мұнай өнімдерін импорттаған. Оның 532 тоннасы Ресейден әкелінген.