Ссылки доступа

Өзбекстанның құқық қорғау органдары Наманганда "діндарларды қудалаған" дегенді жоққа шығарды


Наманган облысының ішкі істер басқармасы әлеуметтік желілер арқылы тараған "Наманган облысында діндарларды қудалап жатыр" деп аталатын жаңалықты жоққа шығарды.

Мақалада хиджаб киген оқушылардың құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қасында тұрған кезде түсірілген суреті жарияланған.

Ішкі істер басқармасындағылар мұндай ақпаратқа ешқандай негіз жоқ, хиджаб киген қыздарға қысым көрсетілмеген, олар мектепке жалпыға ортақ киіммен келуі үшін әңгіме өткізілді деп отыр.

Ресми ақпарат бойынша, 8 сәуірде Янгикурган ауданындағы № 10 мектебінің әкімшілігі аудандық милицияға хат жолдап, он қыз мектепке хиджабпен келгенін хабарлаған. 10 сәуірде мектепке милицияның учаскелік инспекторы келіп, оқушы қыздармен әңгімелескен. Оларға "оқушылар орамал таға алатыны, бірақ мектепке жалпыға ортақ киім киюі керектігі" айтылған.

Өзбекстан үкіметінің 2018 жылғы 15 тамызда қабылдаған жарлығына сәйкес, оқушылар мектепте бас киімсіз жүруі тиіс.

XS
SM
MD
LG