Ссылки доступа

Тәжікстанда тұтқынға ыстық су құйған


Савриннисо Саломова
Савриннисо Саломова

Тәжікстанда Вахдат түрмесінде жазасын өтеп жатқан тұтқынның анасы ұлына жанындағы адамдар ыстық су құйғанын айтады. 25 жастағы Салохиддин Саломов ұрлық үшін 10,5 жылға сотталған. Қазір түрме ауруханасында жатыр екен.

Бұл оқиғаға қатысты Тәжікстанның әділет министрлігі жанындағы жазаны атқару бас басқармасы түсініктеме бермеді.

Тұтқынның анасы Савриннисо Саломова оқиға бір апта бұрын болғанын айтады. "Шын мәнінде не болғанын ұлым айта алмай отыр. Бірақ маған белгілісі тұтқындар арасында жанжал болған. Келесі күні ол ұйықтап жатқанда, ұлымнан кек алу үшін ыстық су құйып жіберген" дейді ол.

Вахдат колониясының қызметкерлері де бұл оқиға жайында айтудан бас тартты. Дегенмен түрмедегі дереккөз Саломовтың бірнеше күннен бері ауруханада жатқанын растады. Белгілі болғандай, оның денесінің 40 процентін күйік шалған.

Савриннисо Саломова түрмедегі болған жағдайды түсіндіруді сұрап әділет министрлігіне ресми хат жазды. "Салохиддин біздің жалғыз ұлымыз. Ол біздің қорғанымыз болады деп үміттенеміз" дейді анасы.

Анасы кедейшіліктен ұлын мектеп-интернатқа жіберуге мәжбүр болғанын, 2017 жылы ұрлықпен ұсталғанын мойындайды.

XS
SM
MD
LG