Сайлау күні милиция кемінде төрт журналисті ұстаған, бір тілшіге шабуыл жасаған.
"Қырғызстанда сайлаулар ашық, әділетті және заңға сай өтті деп есептелуі керек болса, журналистерге еркін хабар таратуға мүмкіндік берілуі тиіс. Қырғызстан билігі милицияның журналистерді ұстау оқиғасын тексеруі тиіс", – деп мәлімдеді ұйымның Орталық Азия және Еуропа бағдарламасы бойынша үйлестірушісі Гүльноза Саид.
11 сәуірде Қырғызстанда жергілікті кеңеске сайлау және референдум өтті.
Тәуелсіз бақылаушылар сайлау кезінде заң бұзушылықтар орын алғанын хабарлады. "Клооп" сайты Оштағы сайлау учаскелерінің бірінде журналистерге шабуыл жасалғанын хабарлады.