Ссылки доступа

"Медиазона": Мәскеуде тәжікстандықты ұрлап, Душанбеге алып кеткен


Белгісіз біреулер Мәскеуде 30 жастағы Кием Гуловты ұрлап, Тәжікстанға алып кеткен. Ол отанында терроризмді қаржыландырды деген күдікке ілінген деп жазады "Медиазона".

Гуловқа қатысты Еуропалық соттың 39-ережесі бұзылған. Оған сәйкес, алдымен Мәскеуде оның өтініші қаралуы тиіс.

Бірінші сәуір күні тәжікстандықты пәтерінен алып кеткен. Бес күннен кейін Таулы-Бадахшан облысында тұратын әкесіне милиция қызметкерлері хабарласып, ұлының тергеу абақтысында екенін айтқан.

Кием Гулов Мәскеуге 2016 жылы жұмыс істеуге кеткен. 2017 жылы Кием Сауд Арабиясына оқуға кетпекші болған жерлесімен бірге тұрған екен. Оны Ресей күш құрылымдары әуежайдан ұстап, Тәжікстанға депортациялаған. Кейін оған Тәжікстанда экстремизм және терроризм бабы бойынша айып таққан. Телефонынан Киеммен бірге түскен суреттер табылған. Гулов осылайша күдікті ретінде қалған.

2017 жылы Гулов Тәжікстан сұрауы бойынша ұсталып, Кабардино-Балкариядағы тергеу абақтысына қамайды. Ол онда сегіз ай бойы жатқан. Кейін оны босатқан. Бірақ біраз уақыт өткеннен соң, миграция заңын бұзды деген айыппен тағы ұстаған. Еуропалық сот оған қатысты 39-ережені қолдану туралы шешім қабылдаған.

Құқық қорғаушы Бахром Хамроев ол ешқандай экстремист, не оппозиционер емес, қарапайым мұсылман дейді.

Қазір құқық қорғаушы Еуропалық сотқа Ресейдің 39-ережені бұзғаны жөнінде өтініш түсірген.

Хамроевтың ақпараты бойынша, ақпан-наурыз айларында Ресейден 200-ге тарта тәжікстандықты алып кеткен. Олардың бәрі терроризм және экстремизм бойынша күдікке ілінген. Ол Ресей осылайша Тәжікстанға қыр көрсетіп жатыр дейді.

XS
SM
MD
LG