Әйелдер елге несие беруді тоқтатуды талап еткен. Олардың өздері борышкер. Банк алдында несиелерін өтей алмай келеді екен.
"Мұнда жеті облыстан аналар келдік. Бәріміз ақ орамалымызды шешіп, қара орамал тақтық. Себебі, біздің халық қайғы шегіп отыр" дейді әйелдердің бірі.
"Эне-мекен" қозғалысының өкілі Ұрқия Баткен облысынан келген. Ол үкімет ғимаратына да барғанын айтады.
"Біз онда үш күн отырдық. Бірақ ешкім жауап бермеді. Біз несие беруді тоқтатуды талап етуге келдік. Оны өтей алмағандар соңғы баспанасынан айрылып жатыр", - дейді ол.
Шу облысының губернаторы Эркин Тентишев ғимаратты басып алған әйелдерге қарсы ешқандай шара қолданылмайды деді.
Бірақ ІІМ заңға сәйкес шара қолданамыз деп мәлімдеді.
Наразылық білдірген әйелдермен сенбі күні елдің премьер-министрі Улукбек Марипов кездесуге уәде берді.