Ссылки доступа

Өзбекстанда жаңадан құрылған оппозициялық партия белсенділеріне қысым күшейді (видео)


В Намангане студента Абдурахмана Икрамова предали публичному позору за сбор подписей в поддержку оппозиционной партии «Хакикат ва Тараккиёт». Скриншот с видеозаписи.
В Намангане студента Абдурахмана Икрамова предали публичному позору за сбор подписей в поддержку оппозиционной партии «Хакикат ва Тараккиёт». Скриншот с видеозаписи.

Өзбекстанда жаңадан құрылған "Хакикат ва Тараккиёт" ("Ақиқат және даму") партиясы үшін қол жинаумен айналысқан 24 жастағы студент Абдурахман Икрамовты көпшілік алдында масқаралап, оны махалла тұрғындарын алдау арқылы қол жинады деп айыптады,

13 cәуірде әлеуметтік желілерде "Бирлашган" махалласының шамамен елу тұрғыны спорт залына жиналып, студентті алдап қол жинағаны үшін масқаралағаны түсірілген видео тарады.

Махалла белсендісімін деп таныстырған ер азамат Абдурахман Икрамовты "Хидирназар Аллакуловтың ресми түрде әлі тіркелмеген партиясына дауыс жинап, бүкіл махалланы ұятқа қалдырды" деп айыптады. Видеодан бірнеше әйелдің студентке айқайлап, аты-жөнін тізімнен алып тастауын талап еткенін көруге болады.

Студент Икрамов махалланың 300-ге жуық тұрғынынан бос бланктарға қол қойып беруін өтінгенін, одан соң тізімнің басына парти туралы мәлімет қосқанын мойындаған. Студент "Бирлашган" тұрғындарынан кешірім сұраған.

Алайда 14 сәуірде студент Икрамов "Озодлик" журналисіне махалла тұрғындарын алдаған дегенді жоққа шығарған.

Икрамовтың мәлімдеуінше, қол жинар алдында ол жақында құрылған "Хакикат ва Тараккиёт" партиясы туралы толық мәлімет берген.

– Мен ешкімді алдамадым. Махалла тұрғындары өз еркімен бланкке қол қойды, – деді Абдурахман Икрамов.

Партия қатарына қосылған тұрғындардың бірінің айтуынша, студент Абдурахман Икрамов пен оның отбасына махалла комитеті мен құқық қорғау органдары қысым көрсетіп жатыр. 13-14 сәуірде "Бирлашган" махалласының бірнеше белсендісі Абдурахмановтың үйіне баса-көктеп кірген.

– Олар студент үйіне баса-көкптеп кіріп, жанжал шығарды. Қырық жылда алғаш рет халықтың мүддесін қорғайтын партия пайда болды, бірақ билік оны құртқысы келеді, - деді Наманган тұрғыны.

Өткен аптада "Озодлик" белгісіз біреулер партия жетекшісі Хидирназар Аллакуловқа шабуылдағанын хабарлаған. Жиырма шақты адам профессорды үйдің алдында күтіп алып, одан саясатпен айналысуды доғаруын талап еткен.

Группа неизвестных лиц напала на лидера новой оппозиционной партии в Узбекистане
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:09:36 0:00

31 наурызда белгісіз екі адам "Хакикат ва Тараккиёт" партиясының белсенділеріне шабуылдап, кеңседегі мүлікті бүлдірген. Саяси ұйымның бірнеше белсендісі жараланған.

Неизвестные напали на активистов партии «Хакикат ва Тараккиёт»
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:06:37 0:00

XS
SM
MD
LG