Ссылки доступа

Қырғызстанда ішкі істер министріне деген қарсылық күш алды


Қырғызстанның ішкі істер министрлігі (ІІМ) 18 сәуірде ғимарат алдында митинг өткізген белсенділерге азаматтық киімдегі милиционерлер кедергі келтірді деген ақпаратты теріске шығарды.

ІІМ баспасөз қызметі "антимитингке әрбір милиционер бес адамнан алып келсін" деген тапсырма туралы интернетте тараған видеодағы мәлімет жалған деді.

"Бұл ақпарат шындыққа сай келмейді. Ондағы айтылғандардың бәрі ойдан шығарылған. Видеодағы милиция қызметкерлері түс кезінде өз қалауымен келіп, митинг кезінде жанжал шығып кетпеуін бақылап тұрған" деп хабарлайды баспасөз қызметі.

15 сәуірде министрлік ғимараты алдында азаматтық белсенділер ішкі істер министрінің қызметінен кетуін талап еткен қарсылық акциясын өткізген. Әйелдерден құралған акцияға ер адамдардар антимитинг ұйымдастырып, ғимарат маңынан әйелдерді қуған. Олар қыз-келіншектерді балағаттап, қорқытқан.

Ондаған милиция қызметкерлерінің көзінше орын алған бұл оқиғадан кейін, ішкі істер министріне деген қарсылық одан сайын күш алды.

XS
SM
MD
LG