Ссылки доступа

Қырғызстанда Абхазиядан әкелінген автокөлік иелері тағы митинг өткізді


19 сәуірде Бішкектегі Үкімет үйі алдында Абхазиядан әкелінген автокөлік иелерінің митингі өтті.

Олар айыппұл тұрағында тұрған автокөліктерді қайтаруды, заңдастыруды талап етті. Көлік иелері премьер-министр Ұлықбек Мариповты кездесуге шақырды.

Биыл наурыз айында осындай автокөлігі барлар бірнеше мәрте наразылық акциясын қйымдастырған. Сол кезде де олар үкіметтен автокөліктерін заңдастыруды талап еткен.

Абхаз нөмірі бар автокөліктер Қырғызстан үкіметінің күрделі мәселесіне айналды. Үкімет тәуелсіз мемлекет ретінде танылмаған елден әкелінген көліктерді заңдастыруға болмайтынын заң тілімен түсіндіруге тырысып, мұндай көліктерді айыппұл тұрақтарына қойған.

XS
SM
MD
LG