Ссылки доступа

Қырғыз бас прокуратурасы денсаулық сақтау министріне қарсы шағымды қарап жатқанын жеткізді


Қырғызстанның бас прокуратурасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Алымкадыр Бейшеналиевке қарсы белсенді Ұмай Арыкова жазған арызды қарай бастады. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұмай Арыкова 16 сәуірде Бейшеналиевті қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрап бас прокуратураға арызданған. Ол министрдің уқорғасын шөбіне қатысты айтқандарына құқықтық баға беруді талап еткен.

Осындай арызды ол 19 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берген.

Арыкова министрдің әрекетіне Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша, оның ішінде "Денсаулыққа әдейілеп зиян келтіру" бабымен баға беру керек деп есептейді.

15 сәуірде президент Садыр Жапаров Қырғызстанның дәрігерлері коронавирустан 2-3 күнде айықтыратын әдіс тапқанын жариялаған. Көп өтпей оның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында арнайы құралдың көмегімен бөтелкелерге шөптің тұнбасын құйып жатқаны түсірілген видео жарияланған. Оның сыртында "Уқорғасын" деген жазу болған.

16 сәуірде денсаулық сақтау министрі брифинг өткізіп, уқорғасын тұнбасын коронавируспен ауырып жатқан 300 науқасқа берілгенін, нәтижесі болғанын айтқан. Оның өзі журналистер алдында шөптің тұнбасын ішіп, зиянсыз екенін жеткізген.

Facebook компаниясы қырғыз президенті Садыр Жапаровтың COVID-19-дан "емдейтін тұнба" туралы жазбасын өшіріп тастады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қырғызстандағы өкілі уқорғасын коронавирусты емдейді деген ақпаратты теріске шығарды.

Латынша Aconítum soongáricum шөбі Орталық Азияда уқорғасын деген атпен белгілі. Оны қатерлі ісік және басқа ауруларды емдеу кезінде қолданып келген. Бірақ медицинада бұлай емдеуге тиым салынған.

XS
SM
MD
LG