Ссылки доступа

Тәжікстанда жасөспірімнің өліміне айыпталғандардың бірі алты жылға сотталды


Азизбек Ражабов
Азизбек Ражабов

Тәжікстанда 18 жастағы жасөспірімнің өлімі бойынша айыпталған Соғды облысының 16 жастағы тұрғыны алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Айни ауданының Ревади Поён ауылының тұрғыны Азизбек Ражабов 2020 жылы 31 шілдеде соққыға жығылып, аурухана төсегінде көз жұмған. Оның өліміне көрші ауылда тұратын төрт жеткіншек айыпталған.

"Олардың бірі Максуд Ниязов "Бұзақылық" бабы бойынша кінәлі деп танылды. Ол "Адам өлтіру" бабымен сотталуы керек еді. Адам өлтіргені үшін алты жыл өте аз", - деді марқұмның ағасы Хуршед Ражабов.

Аудандық соттың үкіміне айыпталушы Максуд Ниязовтың туыстары да наразы екенін жеткізді. "Қазір адвокаттармен тиісті құжаттарды толтырып, сот үкіміне кассациялық арыз жазуға дайындалып жатырмыз", - деді сотталушының әкесі Каром Ниязов.

Ақпаратқа қарағанда, бұл іс бойынша айыпталып жатқан екі жасөспірімге қарсы "Бұзақылық", енді біріне "Әдейілеп адам денсаулығына зиян келтіру" баптары бойынша қылмыстық істер қозғалған. Олар 5 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG