Ссылки доступа

Душанбе мен Мәскеу көші-қон саласындағы мәселелерді талқылады


Душанбе қаласында Тәжікстан мен Ресейдің көші-қон саласындағы мәселелер жөнінде келіссөздер өтті. Тәжікстанның сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, кездесуде "тез арада шешілуі тиіс сұрақтар қаралды".

Министрлік мәліметі бойынша, делегацияларды Тәжікстанның еңбек министрінің орынбасары Шахноза Нодири мен Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко басқарды.

"Тараптар қарап жатқан жекелеген құжаттарқа қатысты пікірлер айтылды" делінген СІМ хабарламасында.

Кездесудің басқа да тұстары жөнінде хабарланбады.

Жақында ғана Мәскеу заңсыз мигранттардың Ресейде жүріп-тұруын заңдастыруға 15 маусымға дейін уақыт берген.

16 сәуірде Ресейдің ішкі істер министрінің орынбасары Андрей Горовой ТМД елдерін елде заңсыз жүрген мигранттардың мәселелерін шешуге шақырған.

Ресейдің ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, федераци аумағында 1 миллионнан астам заңсыз мигрант бар. Олардың дені ТМД елдерінің азаматтары.

XS
SM
MD
LG