Ұйым есебінде 73 мемлекетте журналистер қызметі толықтай тұсауланғаны, ал 59 елде шектелгені айтылған.
Баяндамада кейбір мемлекет коронавирус пандемиясын журналистердің ақпарат алу құқығын шектеу үшін пайдаланғаны жазылды.
Мысалы, Иранда (баспасөз бостандығы индексі бойынша 174-орында) билік жаңалықтар таратуға бақылауды күшейтіп, журналистердің үстінен іс қозғаған, соттаған. Египетте (166-орын) пандемия туралы статистиканы жариялауға тыйым салды. Зимбабведе (130-орын) медициналық құрал-жабдықтар жеткізетін компания бағаны көтеріп жібергені туралы жазған журналист Хоупвелл Чин'оно ұсталды.
Биыл 180 елдің он екісінде ғана журналистиканы дамытуға мүмкіндік жасалған. Рейтингте Норвегия бірінші орында тұр. Финляндия мен Швеция екінші және үшінші орында қалды.
Журналист қызметіне кедергі көп елдер қатарына Қытай (177-орын), Түркіменстан (178-орын) және Солтүстік Корея (179-орын) кіреді.