Ссылки доступа

Ташкент метросында үйлену тойы жайында видео түсірген тиктокшыларға айыппұл салынды


Ташкент метросында үйлену тойы жайында видео түсірген тиктокшылар тобы жазаланды. Бұл туралы Өзбекстанның ішкі істер министрлігінің (ІІМ) баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің таратқан мәлімдемесінде, метрода видео және сурет түсіруге тыйым салынбағанын, бірақ бұл істі қоғамдық тәртіпті бұзбай жасау керек екені айтылған.

"Қоғамдық орындарда елдің тыныштығын бұзып, карантин режимін сақтамай, маскасыз жүруге болмайды" делінген.

Тиктокшыларға "Ұсақ бұзақылық", "Эпидемияға қарсы күресу ережелерін бұзу" және "Метрополитенді қолдану ережелерін бұзу" баптары бойынша әрбіріне 980 мың сум (93 доллар) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеген.

XS
SM
MD
LG