Онда Тәжікстан билігі коронавирус пандемиясын сылтау етіп, журналистерге ашық ақпарат беруде шектеу көрсетілгені айтылған.
"Бұл өлкеде жұқпалы аурулар туралы "жалған" және "расталмаған" мәліметтер таратты деген айыппен айыппұл салып немесе 15 тәулікке қамауға алуы мүмкін. Билік мақсаты журналистерді ресми бұлақтардан алынбаған COVID-19 туралы ақпаратты жариялауға шектеу қою" делінген баяндамада.
Ұйымның Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша бюро жетекшісі Жанна Кавелье (Jeanne Cavelier) тәжік билігі коронавирус туралы жалған ақпараттарға қарсы күресуді сылтау етіп, тәуелсіз басылымдарға қарсы қудалауды күшейткенін жеткізді. Ол қамауға алынған журналист Хикматулло Сайфуллозоданың денсаулығына алаңдайтынын жеткізді.
Тәжікстан билігі Сайфуллозода журналистік кәсібі үшін емес, генерал Абдухалим Назарзоданың 2015 жылғы бүлік жасамақ болғанына қатысы бары үшін қамалғанын айтқан. Журналистің туыстары бұл айыптауларды теріске шығарады.