Ссылки доступа

Тәжікстанның әскери прокуратурасы: науқастар әскер қызметінен босатылады


Тәжікстанның әскери прокуратурасы С гепатитін жұқтырғаны анықталған жас жігіт әскер қызметінен босатылғанын хабарлады. Бұның алдында ауыратын жігіттің әскерге шақырылғаны туралы материал Озоди радиосында жариланған.

Вахдат қаласының тұрғыны Вахдат Абдувохид Юсупов 1 сәуірде Озоди радиосымен тілдесіп, 19 жастағы аурушаң баласын күшпен әскери комиссариатқа алып кеткенін айтқан. "Ұлым гепатит C - қатерлі вирустық аурумен ауырады. Мұндай аурумен ауыратындарды әскерге қабылдауға болмайтынын естідім. Әскери комиссариат қызметкерлеріне медициналық құжаттардың бәрін көрсеттім, бірақ олар мені тыңдағысы келмеді", - деді ол.

Жастарды әскер қатарына қабылдау науқаны басталған уақытта әскери комиссариатқа мәжбүрлеп алып кету, "ұрлау" әрекеттері көбейгені жиі айтылды. Биыл Тәжікстанның қорғаныс министрлігі өз еркімен әскерге барғысы келетіндер көбейгенін мәлімдеген.

Дегенмен әлеуметтік желілерде жастарды көшеде немесе үйде мәжбүрлі түрде әскерге алып кетіп жатқаны туралы видеолар көп жарияланды.

Тәжікстанда 1 сәуірде әскерге қабылдау көктемгі науқаны басталды. Сол күні Рашт, Тәжікабад және Сангвор аудандарының биліктері әскерге қабылдау науқаны мерзімінен бұрын аяқталғанын хабарлады. Жергілікті шенеуніктердің мәлімдеуінше, әскерге шақырылғандардың бәрі өз еркімен әскерге баруға келіскен.

XS
SM
MD
LG