Ссылки доступа

Қырғызстанда заңсыз баю бойынша 23 іс қаралып жатыр


Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет заңсыз баю бойынша 23 қылмыстық істі қарап жатыр. Бұл туралы елдің бас прокуроры Курманкул Зулушев парламентте мәлімдеді.

Зулушев 23 істің бәрін ҰҚМК тергеп жатқанын жеткізді.

"Негізінде бізде кінәсі дәлелденген, қылмыстық іс бойынша анықталған материалдық зиян туралы материал бар. Бір іс бойынша Райымбек Матраимов кінәсін мойнына алып, 2 миллиард сом төледі. Ал басқа істер бойынша ҰҚМК жауап береді", - деді Зулушев.

Осыған дейін бірқатар бұрынғы мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар Қылмыстық кодекстің 323-бабы ("Заңсыз баю") бойынша айыпталып қамалған.

Олардың бірқатары мемлекетке келтірген зиянды төледі деген негізде үйқамаққа шығарылып және тілхатпен босатылған.

XS
SM
MD
LG