Ссылки доступа

Тәжікстанда ауызашарға қонақ шақыруға тыйым салынуы мүмкін


Тәжікстанның дін жөніндегі комитетінің басшысы Сулаймон Давлатзода Рамазан айында ауызашарға қонақ шақыруға қарсы шықты.

Тәжікстанда ауызашарға қонақ шақыруға тыйым салатын заң жоқ, бірақ билік бұрыннан бері көп адам жиналатын кештерді ысырап деп есептеп, әдет-ғұрыптарды реттейтін арнайы заң қабылдаған. Оның үстіне тұрғындар коронавирус пандемиясының шектеулерін бұзбауы керек. Тәжікстан билігі індетті жеңгенін ресми түрде мәлімдеген.

Ауызашар — мұсылмандардың Рамазан айындағы басты ғұрыптарының бірі, ораза ұстағандар кешкі асқа ауыз ашу үшін жиналады. Тәжікстандағы шағын елді мекендердің тұрғындары ораза айының бір күнінде туыстарын ауызашарға шақырады, қалған күндері өздері қонаққа барады.

Дін комитетінің басшысы Давлатзода ауызашарды отбасында ғана өткізу керек деп отыр.

Заңгер Шокиржон Хакимов мұндай тыйым туралы жоғары лауазымды шенеунік айтса, онда жақында осындай ереже енгізуі мүмкін деп топшылайды. Тәжікстанда билік қоғам пікіріне құлақ аса бермейді.

XS
SM
MD
LG