Ссылки доступа

Бішкекте сайлау нәтижесіне наразылар акция өткізді


Қырғызстан астанасында 22 сәуірде сайлау нәтижесіне көңілі толмайтын бірнеше партияның өкілдері Орталық сайлау комиссиясының алдына жиналды. Олар Бішкек қалалық кеңес сайлауының нәтижесін жоюды талап етті.

Наразылық акцисына қатысушылар сайлау барысында дауыс сатып алу, әкімшілік ресурстарды пайдалану секілді заң бұзушылықтар тіркелгенін алға тартып, сайлауды қайтадан өткізу керек деп есептейді.

Митингіге жиналғандарға ОСК төрағасының орынбасары Абдыжапар Бекматов шығып, сайлауға қатысты түскен шағымдардың бәрі қаралып жатқанын, соларға сәйкес тиісті шешім қабылданатынын айтты.

Жергілікті кенеш сайлауы 11 сәуірде өтті. Бішкек қалалық кеңесіндегі 45 мандатқа 25 партиядан 1 820 кандидат таласты. Алдын ала мәлімет бойынша, заңмен белгіленген 7 пайыздың межені алты партия еңсерген.

20 сәуірде тоғыс партия ("Улуу Журт", "Айкол Қырғызстан", Қырғызстан коммунистік партиясы, "Улукман", "Қырғызстан демократиялық қозғалысы", "Бутун Қырғызстан", "Бийлик элге", Қырғызстанның жасылдар партиясы және "Тынчтык") қалалық кенеш сайлауынан "Ата-Жұрт Қырғызстан" партиясын шығарып тастауды талап етті.

XS
SM
MD
LG