Ссылки доступа

Тәжікстан билігі Ресейден ұшаққа билет құнын түсіруді сұрады


Тәжікстанның азаматтық авиация агенттігі Ресейдің 4 әуе компаниясынан екі күн ішінде ұшақ билетінің бағасын түсіруді талап етті.

"Мекеме басшысы Икром Субхонзода Ресейдің "Уральские авиалинии", UTair, "Сибирь" және "Северный Ветер" әуе компанияларынан билет құнын түсіруді талап етті. Кері жағдайда азаматтық авиация агенттігі тиісті шаралар қолданбақ" деп хабарлайды "Азия-Плюс​" агенттігі.

Икром Субхонзода көктем-жаз мезгілінде Ресейге ұшушылар көбейетінін, Ресейдің әуе компаниялары осы жағдайды пайдаланып, билет құнын өсіріп жібергенін айтқан. Ол бағаны өсірудің орнына, рейс санын көбейтсін деген тілегін жеткізген.

Сәуір айынан бастап Ресей Тәжікстанмен әуе қатынасын қалпына келтірген. Бірақ билет құны бірнеше есеге өскен. Мәселен, Душанбеден Мәскеуге не Санкт-Петербургке билет бағасы 10 мың сомони (884 доллар) тұрады.

XS
SM
MD
LG