Ссылки доступа

Тәжік отбасы Абхазиядан шыға алмай отыр


Тәжік отбасы коронавирус пандемиясына байланысты шекара жабылғалы бері Абхазия аумағынан шыға алмай отыр.

КСРО құлаған соң Абхазия мен Оңтүстік Осетия Грузиядан бөлінгенін жариялады. 2008 жылғы Грузия мен Ресей арасындағы бес күндік соғыстан кейін Мәскеу Абхазия мен Оңтүстік Осетияны тәуелсіз ел деп таныды. Санаулы мемлекет қана Мәскеуге ерді, бірақ Грузия және әлемдік қауымдастық бұл аймақтарды тәуелсіз мемлекет деп танудан бас тартты. Тәжікстан да Абхазияны тәуелсіз ел деп мойындамады, сол себепті тәжік азаматтары өзін тәуелсіз республика деп жариялаған елден Ресейге шыға алмай отыр.

39 жастағы Хуршед Мусоев пандемияға байланысты жұмыссыз қалған. Отбасы бір жылдан бері ауыр жағдайда өмір сүруге мәжбүр.

"Мен екінші топтағы мүгедекпін. Абхазияға табыс табу үшін келдім. Бірақ коронавирус пандемиясы басталғанда жұмыссыз қалдым. Қайырымды адамдар бізге уақытша баспана берді. Балаларымның үш жылға берілетін төлқұжаттарының мерзімі бітті. Жағдайымыз қиын", дейді Хуршед Мусоев.

Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі тәжік азаматтарына елге қайтуға көмектесуге уәде берді. "Тәртіп бойынша, біз бұл мәселені Ресей билігімен талқылаймыз. Олар шекараны аз уақытқа ашады. Бірақ Ресейге өткен тәжік азаматтары бірден Тәжікстанға оралуы тиіс", деп түсіндірді елшілік өкілі.

4 сәуірде Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі Абхазияда қалып қойған 17 тәжік мигрантына елге оралуға көмектескенін хабарлады.

XS
SM
MD
LG