Ссылки доступа

ЕҚЫҰ-ның АҚШ-тағы миссиясы: Кремль Азаттық радиосын Ресейден ығыстырып шығаруды көздейді


В московском офисе Радио Свобода
В московском офисе Радио Свобода

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тұрақты комитетінің жиналысында Ресей билігінің Азат Еуропа/Азаттық радиосы (RFE/RL) медиакорпорациясына қысымының күшейгені талқыланды.

22 сәуірде Венада Ресейдегі сөз бостандығы тақырыбы сөз болды. Жиналыста ЕҚЫҰ-ның АҚШ-тағы миссиясы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Элизабет Розенсток-Силлер баяндама жасады.

"Құрама Штаттар да, Еуропа Одағы мен ұйымның басқа да мүшелері секілді, Ресей билігінің сөз бостандығын тұншықтыру әрекеттеріне алаңдайды", - деді Розенсток-Силлер.

Америкалық дипломаттың айтуынша, соңғы уақытта тәуелсіз журналистерге қысым күшейген. Азаттық радиосы орыс қызметінің тілшісі Антон Сергиенко 11 сәуірде қорқыту-үркіту мақсатында жазылған хат алған. Хат авторлары Сергиенконы америкалық медиаұйымда жұмыс істеп, "отанды сатты" деп айыптаған.

Розенсток-Силлер Азат Еуропа/ Азаттық радиосына Ресей билігі салған айыппұлдар туралы да айтты. "Кремль RFE/RL-дің теле- және радиотаралымын Ресей аумағында тоқтатуға, медиакорпорацияны ел аумағынан ығыстырып шығаруға күш салып жатыр", - деді Розенсток-Силлер.

Биыл қаңтар-сәуір айлары аралығында Роскомнадзор RFE/RL жобаларына 390 хаттама толтырып, оларды сотқа жолдаған. Сот қазірдің өзінде медиакорпорацияға 70 миллион рубль айыппұл салу туралы шешім шығарды.

XS
SM
MD
LG