Ссылки доступа

Қазақстанда жерді шетелдіктерге жалға беруге қарсы митинг өтті (видео)


Қазақстанда 24 сәуірге белгіленген жер митингісінің ең ірісі Алматыда өтті. Жиналғандар кез келген мақсаттағы жерді шетелдіктерге бермеуді және жерді мемлекет меншігінде қалдыруды талап етті. Митингіге 500-ге жуық адам жиналды.

Рұқсат етілмеген қарсылық шараны ұйымдастырушы тіркелмеген Демократиялық партия өкілдері болды.

Жиналғандар кез келген мақсатта пайдаланылатын жерді шетелдіктерге жалға бермеуді және сатпауды талап етті. Бұған қоса, жерді мемлекет меншігінде қалдыру қажеттігін айтты.

Прокурор жиналғандарға шараның заңсыз екенін ескертуге тырысып еді, наразылар "Прокурор, кет!" деп айқайлап, оны ығыстырып тастады. Бұдан соң жұрт "Назарбаев, кет!" деп те айқайлады.

Сары түсті униформа киген санитария мамандары наразыларды аралап, "маска тағыңдар" деп ескертіп жүрді. Жұрт олардың әрекетіне наразылық білдірді.

24 сәуірде Нұр-Сұлтанда полиция митинг өтеді делінген цирк маңындағы бір шақырымдай жерді қоршап, ешкімді жолатқан жоқ. Айналада жүрген санаулы белсенді ұсталған. Куәгерлер мен ақпарат құралдары полицияның он шақты адамды ұстағанын көрген. Полиция әзірге ақпарат бермеді.

XS
SM
MD
LG