Ссылки доступа

Тәжікстанда экстремизм бабымен сотталған 80 жастағы қария бостандыққа шықты


Дониер Набиев

Тәжікстанда былтыр желтоқсанда экстремизм айыбымен жеті жылға сотталған 80 жастағы Дониёр Набиев бостандыққа шықты.

Туыстарының сөзінше, қария Вахдат қаласындағы абақтыдан 23 сәуірде шыққан.

"Мерзімнің бір бөлігі рақымшылық заңына сәйкес қысқартылды. Бұдан бөлек сот оның жасын және ауруын еске салды. Ол өкпе ауырымен ауыратындықтан емделуі керек", - деді Набиевтің жақын туыстарының бірі.

Әзірге елдің ресми өкілдері 80 жастағы қарияның абақтыдан шыққаны туралы пікір білдірмеді.

Дониёр Набиев 2020 жылдың тамыз айында ұсталып, желтоқсан айында "Исламның қайта жаңғыру" партиясының түрмеде отырған мүшелерінің туыстарына қаржылай көмек көрсетті деген айыппен жеті жылға сотталған. Бұл іс бойынша сот отырысы жабық өткен.

Қария адамның қамауға алынғанын халықаралық құқық қорғау ұйымдары сынға алған. 20 қаңтарда Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы тәжік билігін Дониёр Набиевті тез арада босатуға шақырып, ол қайырымдылық жасағаны үшін сотталғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG