Ссылки доступа

Бұхарада сәбиді саудалаған ана мен әже ұсталды


Өзбекстанның Бұхара облысына қарасты Пешкун ауданында екі әйел жаңа туған нәрестені 8 млн сумға (шамамен 800 доллар) сатқысы келген, деп хабарлады жергілікті милиция.

Мәліметтерге қарағанда, Пешкун ауданының Ж.Ф. есімді тұрғыны анасымен бірге жаңа туған нәрестені 8 млн сумға сатуға тырысқан. Олар сәбиді бір адамға беру кезінде ұсталды.

Екі әйелдің үстінен "адам саудасы" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG