Зерттеу авторларының айтуынша, дұрыс жолға қойылған салық саясаты керісінше кедейлерді азайтып, тұрғындар арасындағы теңсіздікті жоюға күш салуы тиіс.
Тулейн университетінің зерттеуі өткен аптада жарияланды.
Америкалық зерттеушілер Тәжікстандағы салық саясаты елдегі кедейшілікті 5,12 пайыздық межеге (percentage point) ұлғайтатынын есептеп шығарған.
Тәжікстанда ауқаттылар мүлкі мен капиталы үшін салық төлемейді, ал кедейлердің салық төлейтін шамасы жоқ, делінген зерттеуде.
Зерттеушілер тәжік үкіметінің әлеуметтік көмек бағдарламалары кедейшілікті азайтуға көмектеспейтінін анықтады. Өйткені осы салады бөлінетін мемлекеттік субсидия өте аз.
Сол себепті зерттеу авторлары тәжік үкіметіне салық саясатын қайта қарауға, әлеуметтік көмек бағдарламаларын жетілдіруге кеңес берді.
Тәжік билігі жаңа салық кодексі әзірленіп жатқанын мәлімдеген. Тәуелсіздік алғалы бері Тәжікстан салық кодексін үш мәрте өзгерткен.