Ссылки доступа

Дүниежүзілік банк "Тәжіктелекомды" мемлекеттік бақылаудан шығаруды ұсынды


Дүниежүзілік банк (ДБ) "Тәжіктелеком" компаниясы елдің байланыс саласының бақылауынан шығуы тиіс деп мәлімдеді. Бұл жөнінде ДБ-ның Тәжікстандағы өкілі Ян-Петер Олтерс сандық экономика бойынша өткен онлайн-конференция кезінде мәлімдеді.

"Тәжіктелеком" қазір елдегі интернетпен қамтамасыз етуші жалғыз компания. Оның үстіне ауылды аймақтарға әлі интернет байланысы жеткіліксіз. Тәжікстанда халықтың 70 пайызы ауылды жерлерде тұрады.

ДБ мәліметіне сәйкес, 2019 жылы әрбір жүз қала тұрғындарының тек біреуінің үйінде ғана интернет, 35 процентінде мобилді интернет болған.

Baddikom ұйымының зерттеуі бойынша, интернет жылдамдығы жағынан Тәжікстан әлемде 124-орында тұр. Оның үстіне интернет байланысы ең қымбат аймаққа жатады – 1 гигабайт орта есеппен 20 сомони (2 доллар) тұрады.

XS
SM
MD
LG