Ссылки доступа

Қырғызстан президенті елдің барлық аймағында ойын аймақтарын ашуды ұсынады


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ыстықкөл облысында ойын аймағын ашу идеясын қолдады. Бұған қоса, мемлекет басшысы мұндай аймақтарды облыс орталықтары мен Бішкекте де ашу керек деп есептейді.

"Мен президент аппаратына елдің барлық аймақтарында және Бішкекте ойын аймақтарын ашу идеясын Жогорку Кенешке ұсынуды тапсырдым. Казино 2015 жылға дейін жұмыс істеді. Оған кез келген адам кіре алатын. Балалар күні-түні содан шықпайтын. Мен казиноларға Қырғызстан азаматтарына кіруге тыйым салуды ұсынамын. Ол шетел азаматтары үшін ашылады", - деді 26 сәуірде "Пирамида" телеарнасына сұқбат берген Жапаров.

Қырғызстанда казиноға 2012 жылы тыйым салынды. 2015 жылы тоталилаторлар мен букмекер кеңселері жабылды.

2021 жылғы 21 сәуірде Жогорку Кенеш депутаттары Ыстықкөл облысы аумағында казино ашу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құжатқа сәйкес, "Тамчи" әуежайының базасында казино мен қонақ үйлер салуға 1200 гектар жер бөлінеді.

XS
SM
MD
LG